Арақчи: Санкциялар мен ядролық мәселелер бойынша екі жұмыс тобы құрылды
(last modified Wed, 07 Apr 2021 09:38:54 GMT )
Сәу 07, 2021 15:38 Asia/Almaty
  •  Арақчи: Санкциялар мен ядролық мәселелер бойынша екі жұмыс тобы құрылды

Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары санкциялар мен ядролық мәселелер бойынша екі жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні кешке Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясының отырысында: «Санкциялар жөніндегі жұмыс тобы АҚШ-тың санкцияларды алып тастау үшін қажет әрекеттерін, ал ядролық мәселелер жұмыс тобы келісімнің толық орындалуын қамтамасыз ету үшін Иранның керек қадамдарын белгілейді. Бұл жұмыс топтар өз жұмысын жұмаға дейін және егер жұмысы алға ілгерлесе, одан әрі жалғастырады»,- деді. Арақчи ИИР-ның ұстанымының айқын және басқа мәселелер бойынша ешбір келіссөз жүргізбейтініне тоқталып: «Біздің қазіргі келіссөздеріміз тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді қалай орындау мәселені тақылау.  Тіпті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келіссөздерді қажет етпейді, өйткені ол туралы келіссөздер бұрын жүргізіліп, аяқталған болатын»,- деп мәлімдеді.