Шамхани: Сирияда бөгде құрлық күштерінің ықтималды құзырының қауіпті салдарлары болады
https://itolqyn.com/news/iran-i517-Шамхани_Сирияда_бөгде_құрлық_күштерінің_ықтималды_құзырының_қауіпті_салдарлары_болады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы: "Сирияда бөгде құрлық күштерінің ықтималды құзырының қауіпті салдарлары болады" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 09, 2016 15:37 Asia/Almaty
  • Шамхани: Сирияда бөгде құрлық күштерінің ықтималды құзырының қауіпті салдарлары болады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы: "Сирияда бөгде құрлық күштерінің ықтималды құзырының қауіпті салдарлары болады" деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы Әли Шамхани дүйсенбі күні Грекия премьер-министрі Алексис Ципраспен кездесуінде кейбір елдердің Сирияға құрлық күштерін жіберу туралы қисынсыз сөздеріне тоқталып: "Осы елдердің әскери күш-құдіреті мен айтқан уәждерінің арасында ешқандай сәйкестік болмағандықтан, аймақтық елдердің құрлық күштерінің Сирияның заңды үкіметінің өтініші мен рұқсатынсыз кіруі қауіпті шешім саналып, ішкі іске араласушылық болып табылады. Мұндай шешімнің қауіпсіздікке қатысты салдарлары аймақтағы барлық елдерге, соның ішінде Еуропаға да жетеді.

Келіссөздердің бірнеше кезеңі мен 4 жыл апатты соғыстан кейін лаңкестерді қолдау үшін Сирияға әскери құрлық күштерін жөнелту мәселесін қайта көтеру артқа шегініс әрі дағдарысты аяқтау үшін жасалған барлық талпыныстарға көзжұмбайлық таныту дегенді білдіреді" деді.

Грекияның премьер-министрі Иран мен Грекия ынтымақтастығының терең әрі өркениеттік тарихына тоқталып: "Афины Сириядағы адам құқығына байланысты қарарлармен келіспейді. Бұл мәселе Грекияның тәуелсіз саясаты және осы елдегі дағдарыстың жағдайы мен өзгерістерден түсінігінің көбірек екенін көрсетеді" деді.