Сәу 09, 2021 14:28 Asia/Almaty
  • Арақчи: Санкциялар толық алынбағанаша Иран ядролық жұмыстарын тоқтатпайды

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары АҚШ өзінің бүкіл санкцияларын алып тастап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралмағанша, Иранның ешбір, әсіресе уран байыту саласындағы ядролық жұмыстарының тоқтатылмайтынын, тіпті қысқармайтынын жариялады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи 20 пайызға байыту жұмыстарының жылдамдықпен алға ілгерлеуіне тоқталып: «АҚШ бүкіл санкцияларын алып тастайтын келісімге қол жеткенше дейін бұл жұмыстар жалғасады. Санкциялардың барлығы бір мезгілде алынып тасталуы керек»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның еуропалықтар, Ресей және Қытаймен келіссөздерді жалғасатыратынына сілтеме жасап: «Кейбіреулердің келіссөздер Еуропамен өтуде, ал еуропалықтар басқа жақтан АҚШ-пен сөйлесуде деп айтуы дұрыс емес»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер