Арақчи: Егер АҚШ барлық санкцияларды жойса, Иран өз міндеттемелеріне қайтып оралады
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: "Егер АҚШ барлық санкцияларды жойса, Иран да өз міндеттемелерін орындайды",-деді.
Сейіт Аббас Арақчи Жапонияның NHK телеарнасына берген сұхбатында: "Дұрыс бағытқа бет алдық. Келіссөздер кеңістігі оңды әрі сындарлы",-деді.
Арақчи "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыруға кедергі болып отырған нәрсеге тоқталып: "АҚШ-тың жаңа үкіметі бұрынғы басшы Трамп салған санкцияларды тоқтатуға ниетті емес",-деді.
Арақчи: "Иранның ядролық келісімнің бұзылғанына қарымта шаралары, соның ішінде 20 пайызға байытылған уран өндіру, жоғары айналымға ие центрифугаларды пайдалану бұл кезеңде тоқтатылмайды. АҚШ барлық санкцияларды жойған кезде ғана Иран өз міндеттемелерін орындайды",-деді.