Зариф: Сионистер санкцияларды жою жолындағы жетістіктері үшін Ираннан кек алғысы келеді
Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистер санкцияларды жою жолындағы жетістіктері үшін Ираннан кек алғысы келеді. Бірақ Иран бұған жол бермейді",-деді.
Зариф дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының отырысында жексенбі күні Натанзда орын алған оқиғаға тоқталып, осындай қысылтаяң шақта ядролық нысандар мен ғалымдарды тиісті деңгейде қорғау қажеттігін айтты.
Зариф сионистік режимнің саяси және әскери басшыларының зұлым санкцияларды жою үдерісінің ілгерілеуіне рұқсат етпейтіндерін ашық түрде жариялағанына тоқталып: "Сионистер өз жауаптарын Иранның ядролық өнеркәсібінің одан ары дамуынан алатын болады",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Бехруз Камалванди: "Жексенбі күні Натанз қаласындағы шәһид Ахмади Роушан атындағы уран байыту кешенінде электр желісінің бір бөлігі істен шықты. Оқиға себебі тексеріліп жатыр",-деді.