Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 13, 2021 21:42 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: "Өткен 24 сағатта 291 адам коронавирустан көз жұмды. Елде індет құрбандарының жалпы саны 65055 адамға жетті",-деді.
Сима Садат Лари сейсенбі күні: "Өткен тәулікте елде 24760 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 3132-і ауруханаларға жатқызылды",- деді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, Иранда COVID-19 жұқтырғандар санының 2118212 адамға жеткенін, осы күнге дейін 1729293 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Тегтер