Рухани: Үкімет отандық вакцинаны шығару үшін бүкіл күшін салды
(last modified Sat, 17 Apr 2021 11:30:48 GMT )
Сәу 17, 2021 17:30 Asia/Almaty

ИИР Президенті үкіметтің отандық вакцинаны шығару үшін бүкіл күшін салғанын қуаттады.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бүгін, сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында: «Үкімет үшін өз аяғында тұру маңызды. Жазға дейін  жергілікті вакцинаны пайдалануымызға үміттімін. Алдағы 2 айда  мүмкіндігінше вакцинаны шетелден алуымыз керек. Осы аптаның соңына дейін шамамен 1 400 000 вакцина егіледі»,- деді.