Иранда уранның 60 пайызға байытылуы және оған қатысты саяси даулар
Иран еш уақытта ядролық қару жасауға ұмтылған емес және бұл шындық Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) есептерінде сан рет көрсетілді.
Иранның уранды 60 пайызға дейін байыту ниеті де ядролық іс-әрекеттерге қайшы емес, сонымен қатар заңды және бейбіт мақсатты белсенділік болып табылады. Уранды бұл деңгейге дейін байыту Иранның ғылыми, оның ішінде мен ядролық ғылымның бейбітшілік саласындағы жоғары әлеуетін де көрсетеді. Кейбір уәжденуші мемлекеттер Иранның ғылыми жетістіктерін қабылдағылары келмейді. Соңғы күндері Натанз нысанасындағы диверсияны айыптаудан бас тартқан Еуропа мен АҚШ және олардың кейбір аймақтық одақтастары Иранның уранды байыту деңгейін 60 пайызға жеткізуіне дереу реакция білдіріп, оны қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп тапты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде Араб одағы немесе Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесі деп аталатын ұйымдардың уәждеріне жауап беріп: «Бұл ұйымдар бас хатшылары Иранның АҚХА-нің мүшесі және Ислам Республикасының барлық ядролық іс-әрекеттері Агенттіктің қауіпсіздік бағдарламаларының бақылауында екенін және бұл бағдарламаның заңды және Ислам республикасының ұлттық мүдделеріне сай әрі бейбіт қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жалғасады»,- деді.
Ирандағы уранды 60 пайызға байыту қаупі туралы ойдан шығарылған даулар, шын мәнінде, Иранның заңды ядролық құқығына кедергі жасау үшін саяси қысымның жалғасуы болып табылады. Жалған уәждерді айтушылар ядролық инфрақұрылымды жоюға және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздерді бұзуға талпынды, бірақ нәтижеге жетпеді. Сондықтан олар осы кезде Ирандағы ядролық жұмыстарды қауіпті көрсетуге талпынуда. Негізінде 60 пайызға байытылған уран радиофармацевтика өндірісінде қолданылатын молибден элементін өндіруде пайдаланылады және Иран Атом қуаты ұйымы шығаратын радиофармацевтикалық заттардың сапасы мен санын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді.