Иран Президенті Франция Сенатының төрағасымен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i52
ИИР Президенті Парижде Франция Сенатының төрағасымен кездесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2016 14:00 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Франция Сенатының төрағасымен кездесті

ИИР Президенті Парижде Франция Сенатының төрағасымен кездесті.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Еуропаға сапарының жалғасында Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесуінде "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін пайда болған мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін қуаттап: "Санкция жылдары Франция мен Иран халқы зиян шекті. Бүгін ауқымды әрі жақын қатынастар орнатып, артта қалушылықтың орнын толтыруға талпыныс жасау керек" деді.

Рухани ядролық келісімді аса маңызды әрі саясат тарихында сирек кездесетін оқиға деп сипаттап: ""Ортақ қадам" бағдарламасы дипломатия мен келіссөздердің маңызды рөлі мен осындай тәсіл арқылы басқа да аймақтық және халықаралық маңызды мәселелерді шешуге болатынын тағы қуаттады" деді.

Франция Сенатының төрағасы да кездесуде елінің Иранмен жан-жақты қатынас орнатып, оны нығайтуға қатысты ерік-жігерін қуаттап: "Екі елдің қатынастарын жарқын болашақ күтіп тұр" деді.

Жерар Ларше ИИР Президентінің ядролық келісімге қол жеткізудегі ықпалды рөлін мадақтап: "Санкциялар алынғаннан кейін Теһран-Париждің түрлі бөлімдердегі қатынастарын кеңейту үшін лайықты кеңістік қалыптасты. Франция қазіргі жағдайды екі елдің мүдделері үшін пайдалануды көздеп отыр" деді.