Венадағы келіссөздерге Иранның қуатты қатысуы - дұшпандардың мейілінше қысым көрсету саясатының жеңілуінің белгісі
(last modified Wed, 21 Apr 2021 08:48:41 GMT )
Сәу 21, 2021 14:48 Asia/Almaty
  • Венадағы келіссөздерге Иранның қуатты қатысуы - дұшпандардың мейілінше қысым көрсету саясатының жеңілуінің белгісі

ИИР Президенті Венадағы келіссөздерге Иранның қуатты қатысуын дұшпандардың мейілінше қысым көрсету саясатының жеңілуінің белгісі деп тапты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани  сейсенбі күні саяси белсенділер  тобымен кездесуінде   халықтың  қарсыласуы мен табандылығын, осы кезде  жаудың экономикалық соғысы мен мейілінше қысымының сәтсіздікке ұшырағанын және американдықтар мен бүкіл әлемнің бұл жеңілісті мойындайтынын қуаттап: «Бүгін Вена келіссөздерінде біз бұрын-соңды болмағандай күштілеу келіссөздер жүргіземіз»,- деді. Рухани Иранның бүгінгі Вена келіссөздеріне қуатты қатысуының дұшпандардың мейілінше қысымының айқын жеңілісінің белгісі болып табылады деп тоқталып: «Келіссөздер шамамен 60, 70 пайызға алға ілгерледі, егер американдықтар дұрыс әрекет етсе, қысқа уақытта нәтижеге келеміз»,- деді.