Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 21, 2021 17:55 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте елде Covid -19 індетін жұқтырған 388 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 67913 адамға жетті»,- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс орталығы сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Кешеден бүгінге дейін елде Covid-19 жұқтырған 24 886 жаңа адам анықталды, оның 3585-і ауруханаға жатқызылды. Иранда Covid-19 шалдыққандардың жалпы саны 2 311 813-ке жетті»,- деп жариялады.
Тегтер