Қалибаф: Сақшылар корпусы құрылғанынан бастап халықтың ең күшті қолдаушысы болды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрылғанынан бастап халықтың ең күшті қолдаушысы болғанын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Бақер Қалибоф Twitter-де: «Сақшылар корпусы құрылған кезінен бастап, қиындықтар туған су тасқыны, жерсілкінісі, ауру таралғаннан дұшпанның қоқан-лоққылары сынды жағдайларда халықтың ең күшті қолдаушысы болды. Джаханара, Харази, Бақери, Бакери, Хеммат, Каземи, Солеймани және т.б батырлардың ерлігі туралы деректер «Егер Сақшылар корпусы болмаса, ел де болмас еді» деген сөздерді дәлелдейді»,- деп жазды.
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы 1979 жылдың 22 сәуірінде имам Хомейнидің бұйрығымен құрылды.