Сәу 24, 2021 15:12 Asia/Almaty
  • Рухани: Вакцинация халық үшін тегін болады

ИИР Президенті коронавирусқа қарсы ұлттық штабтың отырысында вакцинацияның барлық адамдар үшін тегін болатынына және карантиндік ережелерге бағынбайтындарға шаралар қолдану қажеттілігіне тоқталды.

 

Рухани коронавирус жұқтырғандар мен оның салдарынан көз жұмған адамдар санының артуына сілтеме жасап: «Біздің осы аптада және мүмкін келесі аптада бақылауды күшейтуден басқа амалымыз жоқ»,- деді. Иран Президенті коронавирустың үнді штамының таралуына назар аудартып: «Коронавирустың үнді штамы британдық, бразилиялық, оңтүстік африкалық және басқа штамдардан қауіптілеу. Егер бұл вирус елге енсе, қиындықтармен бетпе-бет келеміз»,- деп алаңдаушылық білдірді.

 

Тегтер