Иран армиясы құрлық күштерінің 7 жаңа жетістігі таныстырылды
(last modified Sun, 25 Apr 2021 12:25:47 GMT )
Сәу 25, 2021 18:25 Asia/Almaty

Иран армиясы басшысының үйлестіруші орынбасары қатысқан рәсімде құрлық күштерінің 7 әскери-технологиялық жетістігі таныстырылды.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран армиясының жаңа әскери-технологиялық жетістіктері – ұшқышсыз ұшаққа орнатылатын радар толқынын ескерту құралы, ұшқышсыз ұшаққа орнатылатын лазерлік ескерту құралы, «Ранеш-1» жергіліктендіріліп жасалған Micro-Turbojet моторы, «Тиам-1400» ұшқышсыз ұшаққа орнатылатын радарларды анықтау кешені.

Иран армиясының басқа жетістіктеріне «Парваз Джам» жасанды интеллект негізінде үйлесе ұшу кешені, «Таһа-1400»  ұшқышсыз ұшаққа орнатылатын радарлардың жұмысын бұзу кешені және дамытылған бүлдіру кешені.

Аталмыш құралдар ұшқышсыз ұшақтар мен алыстан басқарылатын кешендерден төнетін қатерлермен күресіп,  олардың навигациялық жүйесін бұзып, жиілік жұмысына кедергі жасай алады,  кез келген күрес алаңында қолданылып, тез орнатылып, ұзақ жұмыс істей алады, техникалық персоналды қажет етпейді, алыстан басқарылады.