Иран коронавирусқа қарсы ең жақсы әрі әсерлі вакциналардың біріне қол жеткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i52132
Иранның Денсаулық сақтау министрі: «Бүгін Иранның Пастур институтында әлемді жайлаған коронавирусқа қарсы ең жақсы әрі әсерлі вакциналардың біріне қол жеткізілді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 26, 2021 16:00 Asia/Almaty
  • Иран коронавирусқа қарсы ең жақсы әрі әсерлі вакциналардың біріне қол жеткізді

Иранның Денсаулық сақтау министрі: «Бүгін Иранның Пастур институтында әлемді жайлаған коронавирусқа қарсы ең жақсы әрі әсерлі вакциналардың біріне қол жеткізілді»,-деді.

Доктор Саид Намаки: «Вакцина шығаратын ел жаңа технологияның көбіне ие болады. Біз бұл салада мерейлі елдердің біріміз»,-деді.

Ол: «Бүгін вакцина өндіру саласындағы генералдар өз ісін жасады. Бұл енді тоқтамайды. Иран – аймақта коронавирусқа қарсы вакцина өндіру саласында ең жарқын ел»,-деді.

Намаки: «Иран байлаулы қолмен отырса да, барлық қысым мен санкцияға қарамастан коронавирусты басқарудың ең ғылыми жолдарының бірін ұстанып отыр»,-деді.