Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 27, 2021 18:47 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте елде COVID-19-дан 462 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 70532 адамға жетті»,- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс орталығы сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Кешеден бүгінге дейін елде Covid-19 жұқтырған 20963 жаңа адам анықталды, оның 3386-і ауруханаға жатқызылды. Иранда Covid-19 шалдыққандардың жалпы саны 2438193-ке жетті. Осы кезге дейін 1907190 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,- деп жариялады.
Тегтер