Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 01, 2021 18:43 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін, сенбі күнгі мәлімдемесінде: «Өткен тәулікте елде COVID-19-дан 332 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 72090 адамға жетті»,- деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 17080 адам анықталды, оның 2390 ауруханаға жатқызылды. Иранда Covid-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 2516157 адамға жетті»,- деді. Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы кезге дейін 1971064 адамның жазылып, ауруханалардан шыққанын мәлімдеді.
Тегтер