Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 02, 2021 16:51 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан 394 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, жексенбі күні: «Өткен тәулікте COVID-19-дан көз жұмған 394 адамды қосқанда жалпы құрбандар саны 72484 адамға жетті»,-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен 24 сағатта нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 18698 адам анықталды, олардың 2711-і ауруханаға жатқызылды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 2534855 адамға жетті»,-деді.
Тегтер