Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 05, 2021 18:09 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте COVID-19-дан 349 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 73568 адамға жетті»,- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық байланыс орталығы: «Өткен 24 сағатта нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 15872 адам анықталды, олардың 2449 ауруханаға жатқызылды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 2 591 609 адамға жетті»,- деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы кезге дейін 2 039 427 адам жазылып, ауруханалардан шықты.
Тегтер