Теһранда «Палестина жалғыз емес» деп аталған карикатуралар көрмесі өтіп жатыр
(last modified Sat, 08 May 2021 10:47:20 GMT )
Maм 08, 2021 16:47 Asia/Almaty
  • Теһранда «Палестина жалғыз емес» деп аталған карикатуралар көрмесі өтіп жатыр

Дүниежүзілік Құдс күніне орай Теһранда өтіп жатқан «Палестина жалғыз емес» деп аталған карикатуралар көрмесі өз жұмысын 10 мамырға дейін жалғастырады.

 

Палестина халқының өз құқықтарын қайтаруға қолдау көрсету және көмектесуге бағытталған «Палестина жалғыз емес» деген карикатуралар көрмесінде 66 елден 3000-нан астам суретті көруге болады. Адам құқықтары жөніндегі штаб хатшысы Али Бақери Кани көрмені аралып: «Палестина - әлемдегі адам құқықтарын бұзудың ең үлкен және алуан түрлі көрмесі», - деді.