Теһран халқы жиналып, әл-Ақса мешітіне қолдау көрсетті
https://itolqyn.com/news/iran-i52476-Теһран_халқы_жиналып_әл_Ақса_мешітіне_қолдау_көрсетті
Теһран халқы әл-Ақса мешіті мен Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қолдап, БҰҰ кеңсесінің алдына жиналды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 11, 2021 16:21 Asia/Almaty

Теһран халқы әл-Ақса мешіті мен Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қолдап, БҰҰ кеңсесінің алдына жиналды.

Iran Press агенттігінің хабарлауынша, шеру әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетілген және  сионистік режимнің әскерилері қасиетті Құдстың жаңа аймақтарын басып алған соң өткізілді. Жиналғандар «АҚШ-қа өлім», «Израильге өлім» деп ұрандар айтып, Палестина халқын қолдады. Шерушілер сондай-ақ мұсылмандардың алғашқы құбыласы мен әл-Ақса мешітін қолдап, қолдарында Палестина туын ұстап, «Аллаһу Акбар» деп ұранданды.