Maм 11, 2021 17:19 Asia/Almaty
  • Иранда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды

Бүгін, сейсенбі күні Теһрандағы сайлау штабында президенттік сайлаудың он үшінші кезеңіне үміткерлерді тіркеу басталды.

 

Mehr ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Ішкі істер министрі Абдуреза Рахмани Фазлидің бұйрығымен президенттік сайлаудың он үшінші кезеңіне үміткерлерді тіркеу басталды.  Үміткерлер  5 күн бойы тіркеле алады. Ирандағы президенттік сайлау 2021 жылы 18 маусымда өтеді.

 

Тегтер