Ислам революциясы жетекшісі Палестина халқының оянуы, қарсылығы мен жігерін мадақтады
(last modified Wed, 12 May 2021 12:58:23 GMT )
Maм 12, 2021 18:58 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні студенттік ұйымдардың өкілдерімен өткізген бейне кездесуінде ислам әлеміндегі, яғни Ауғанстан мен Палестинадағы соңғы қанды әрі өте қайғылы оқиғалараға өкініш білдіріп, бұл қылмыстарды қатты айыптады.

 

Ислам революциясының жетекшісі сионистердің әл-Ақса мешіті, қасиетті Құдс және Палестинаның басқа аймақтарындағы қатыгез қылмыстарына тоқталып, Палестина халқының табандылығын мадақтап: «Сионистер күштен басқа ештеңе түсінбейді. Сондықтан палестиналықтар өз күші мен қарсылығын арттырып,  қылмыскерлерді берілуге​​ және үрейлі әрекеттерін тоқтатуға мәжбүр етулері керек»,- деді.

Құдс қаласы мен әл-Ақса мешіті екі аптадан астам уақыттан бері сионистер мен сионистік режимнің қылмыскер әскерилерінің әл-Ақса мешітіндегі намаз оқушылар мен Палестина азаматтарына шабуыл жасуының куәсі болуда.

 Сионистік басқыншылардың әл-Ақса мешітін қорлауды жалғастыруынан кейінгі Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Газа секторындағы жағдай  Палестинаның  қарсыласу қозғалысының бұл қылмыстарға Газаның айналасындағы сионистік қалашықтарға зымырандар атқылап, жауап беруіне себеп болды. Қарсыласу қозғалысының сионистік қылмыстарға қарсы жауапты жалғастыру ретінде Палестина исламдық жиһады  Тель-Авив  пен сионистік режимнің басқа қалаларын да  нысанаға алды. Израильдің езілген Палестина халқына қарсы қылмыстары мен Ауғанстандағы террористік актілердің қайталануының  түйісу жері жоқ сияқты, бірақ бұл қылмыстардың себебін қайдан табуға болады. Негізінде ислам әлеміндегі терроризмнен бастап Ауғанстан, Палестина мен Йемендегі әйелдер мен балаларды аяусыз өлтіру, миллиондаған әйелдер мен балалардың босқынға айналуы  асыра сілтеу, басып алу мен зорлық-зомбылық жасаушы құдыреттердің залымдар мен  қылмыскерлерді қолдау саясатының нәтижесі.   Осы тұрғыдан алғанда, Ислам революциясы жетекшісінің сөздері екі маңызды аспектіні қуаттады. Біріншіден, Палестина мәселесінің адами өлшеміне баса назар аударылады. Палестина халқы әділетсіздік құрбаны болды. Палестинаның жетпіс жылдан астам уақыттан бері басып алынғанына қарамастан әлем әлі де Израильдің қылмыстарын бақылап отыр. Ислам революциясы жетекшісі бұл  ащы оқиғаларға назар аудартып: «Бұл қылмыстар әлемнің көз алдында іске асырылуда.   Оны айыптау арқылы әркім өз міндетін атқаруы керек»,- деп қуаттады. Екіншіден, Ислам революциясы жетекшісі қарсыласу қозғалысын жалғастыру қажеттілігін қуаттап, қарсыласуды Палестина халқының құқықтарын жүзеге асырудың жалғыз жолы атады. Аятолла Хаменеи бұл стратегиялық мәселені баяндап, бұдан бұрын да Палестинаның жәбір көрген халқының құтқарылатын жолы табандылық пен батыл қарсыласу деп біліп: «Палестина халқы мен ұйымдары жанкешті жиһадымен АҚШ пен сионистік жауға қарсы өрісті тарылтуы керек және бүкіл ислам әлемі бұл батыл қарсылықты қолдауы керек»,- деп мәлімдеді.   Палестина халқы өз жерін  басқыншы жаудан қорғауға бұрынғысынан күштірек бел буды. ХАМАС-тың саяси бюросының жетекшісі Исмаил Хание бұл қозғалыстың Құдс пен әл-Ақса мешітіндегі барлық шабуылдар мен терроризм тоқтатылғанға дейін басқыншыларға қарсы тұруды жалғастыратының баса айтты. Саяси мәселелер бойынша сарапшы Маджид Сафатадж сионистік режимнің Палестинаға қарсы қылмыстарды жалғастыру мақсаттарына сілтеме жасай отырып: «70 жылдан астам тарихи езгі тәжірибесі көрсеткендей, Құдсты басып алушылар езілгендердің шығындарын төлеуге ешқашан келіспеген. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы - басқыншыларды халықаралық құқыққа мойынсұнуға мәжбүр ету және Палестина халқының өз тағдырын шешу құқығын қамтамасыз ету»,- деді. Мұндай тарихи жағдайда, Палестина халқын  қолдау адамдық, діни және адамгершілік парыз екені сөзсіз.