Арақчи: Австрияның үкіметтік кеңселерінің үстіне Құдсты басып алушы режимнің туын көтеру өкінішті
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сионистік режимнің туының Австрияның үкіметтік кеңселерінің үстіне көтерілуіне реакция білдіріп, бұл әрекеттің алаңдататындай және өкінішті екенін мәлімдеді.
IRNA-ның мәліметінше, Арақчи кеше Twitter-дегі ресми парақшасында: «Бірнеше күннің ішінде ондаған жазықсыз бейбіт тұрғындарды, соның ішінде көптеген балаларды аяусыз өлтірген басқыншы режим туының Венадағы үкіметтік мекемелердің үстіне көтерілуін көру алаңдататындай және өкінішті жәйт»,- деп жазды.
Австрия канцлері Себастьян Курц Газа халқына жанашырлық танытудың орнына кеше Құдсты басып алушы режимге көңіл айтып, Twitter-де Израильмен ынтымақтастығын білдіру үшін өзінің кесенесінің үстінде бұл режимнің туын көтергенін жазды.