Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 15, 2021 18:00 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, сенбі күні: «Өткен тәулікте COVID-19-дан 200 адам көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 76633 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 7723 адам анықталды, олардың 1282 ауруханаға жатқызылды. Жалпы короновирус жұқтырғандардың саны 2739875 адамға жетті»,- деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 1 756 095 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын және 352 626 адам екінші дозасын алды. Жалпы 2 108 721 доза вакцина егілді.
Тегтер