Рухани: Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы - Иранның қауіпсіздігі
(last modified Mon, 17 May 2021 19:19:28 GMT )
Maм 18, 2021 01:19 Asia/Almaty
  • Рухани: Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы - Иранның қауіпсіздігі

Иран Президенті Ирактағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты Иранның қауіпсіздігі деп атап, лаңкестік және тəкфирлік топтармен күресу үшін екі ел ынтымақтасуы қажеттігін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұстафа əл-Каземимен телефон арқылы сұхбаттасып, осы ел үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап:"ДАИШ лаңкестік тобы əлі күнге дейін аймақ қауіпсіздігіне ауыр қатер саналады. Екі ел осы лаңкестік топпен күресуге жұмыла кірісуі керек",-деді.Мұстафа əл-Каземи сионистік режимнің Палестинадағы жуырдағы қылмыстары мен Газаның қорғансыз халқын қырып-жоюын қатаң айыптап, бұл қылмыстарға кесімді түрде қарсылық білдіру керектігін айтып: "Ислам елдері басшылары мен Араб лигасы мүшелерімен кеңестерде осыған қатысты мықты да кесімді ұстаным білдірілуі тиіс",-деді.

Тегтер