Рухани: Санкция Иранның дамуына тосқауыл бола алмайды
(last modified Thu, 20 May 2021 16:49:00 GMT )
Maм 20, 2021 22:49 Asia/Almaty
  • Рухани: Санкция Иранның дамуына тосқауыл бола алмайды

ИИР Президенті «Өндірістік серпіліс: шара мен үміт» атты 68-ші талпыныс аясында ұлттық мұнай-химия жобаларын ашу рәсімінде: «Бейсенбі күні ашылған жобалар Иран халқының мықты екенін, экономикалық қысым мен санкциялардың елдің дамуына тосқауыл бола алмайтынын айқын көрсетті»,-деді.

Рухани бейсенбі күні бір жылдың ішінде 17 мұнай-химия жобасын ашады дегенге сену өте қиын, бірақ бүгінде бұл сөз шындыққа айналып отырғанын айтып: «Қазіргі таңда елдің мұнай-химия өнімдерінің көлемін 56 млн тоннадан 100 млн тоннаға өсірдік. Бұл – Иран үшін мақтаныш»,-деді.

Рухани: «Өткен 8 жылда елдің мұнайдан тыс экспортына 130 млрд доллар қосылды. Бұдан бұрынғы 8 жылмен салыстырғанда шамамен 59 пайызға артты»,-деді.