Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i52714-Коронавирус_Ирандағы_жағдай
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан 229 адамның көз жұмғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 20, 2021 23:11 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан 229 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Өткен 24 сағатта коронавирустан көз жұмған 229 адамды қосқанда елде жалпы құрбандар саны 77994 адамға жетті. Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 12428 адам анықталды. Жалпы індетке шалдыққандардың саны 2804632 адамға жетті»,- деп хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 2290613 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.