Сәу 18, 2016 19:20 Asia/Almaty
  • Қарсыласу экономикасын жүзеге асырудағы жүйенің басты бағдарлары мен жоспарларын орындау қуатталды

Иран президентінің бірінші орынбасары үкіметтің басты бағдары мен жоспарларын орындауды қарсыласу экономикасын жүзеге асыру деп атады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Иранның батысында орналасқан Керманшах облысының Паве қаласына қарасты «Дариян» су бөгетін аралау аясында үкіметтің қарсыласу экономикасын жүзеге асыру үшін басты бағдары мен жоспарларына сілтеме жасап: «Үкіметтің бұл негіздегі басты бағдары ішкі өндірісті қолдау болып табылады. Үкіметтің келесі басты бағдары елдің мұнайдан тыс экспортын арттыру болып табылады. Өткен жылы елдің сауда балансы оң болып, 41 млрд доллар импортпен қоса, 42 млрд доллар мұнайдан тыс тауар экспортталды. Осы үдеріс биыл ұлғаюы керек» деді.

Президенттің бірінші орынбасары үкіметтің осы бағдарламаларды орындауда халық пен жекеменшік секторына иек артатындығына сілтеме жасап, халықтың алдағы айларда осы шаралардың нәтижесін өздерінің тұрмыстарынан көрулеріне үміт білдірді.

Тегтер