Ислам революциясының жетекшісі ХАМАС пен Палестина исламдық джиһад қозғалысы басшыларының хаттарына жауап берді
(last modified Mon, 24 May 2021 13:24:14 GMT )
Maм 24, 2021 19:24 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ХАМАС пен Палестина исламдық джиһад қозғалысы басшыларының хаттарына жауап берді

Ислам революциясының жетекшісі ХАМАС пен Палестина исламдық джиһад қозғалысы басшыларының хаттарына жауабында: "Біздің жүрегіміз сіздердің соғыс алаңдарыңызда. Түпкі жеңісті де көретін боламыз",-деді.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының басшысы Зияд Нахаланың хаттарына жауабында Палестинаны басып алушылармен күресті зұлымдық, күпірлік және үстемшілдікпен күрес деп атап: "Біздің жүрегіміз сіздердің соғыс алаңдарыңызда. Сіздердің жеңістеріңіз жалғассын деп ұдайы дұға оқимыз",-деп жазды. 

Аятолла Хаменеи Исмаил Ханияның хатына жауабында: "Сіздердің күрестеріңіз - зұлымдық, күпірлік және үстемшілдікпен күрес. Алланың қолдауымен жеңіске жетіп, қасиетті жерлерді басқыншылардан тазартасыздар",-деді.

Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, Зияд Нахаланың хатына жауабында: "Палестиналық бауырлардың үлкен джиһады мен жеңісі əлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандарды қуантты. Біздің жүрегіміз сіздердің соғыс алаңдарыңызда. Сіздердің жеңістеріңіз  жалғассын деп ұдайы дұға оқимыз",-деді. 

Тегтер