Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i52848-Коронавирус_Ирандағы_жағдай
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні өткен тәулікте COVID-19-дан 208 адамның көз жұмғанын және елде жалпы құрбандар саны 79056 адамға жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 26, 2021 11:23 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні өткен тәулікте COVID-19-дан 208 адамның көз жұмғанын және елде жалпы құрбандар саны 79056 адамға жеткенін хабарлады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Өткен 24 сағатта   Иранда Covid-19 жұқтырған тағы 11873 адам анықталды. Жалпы індетке шалдыққандардың саны 2855396 адамға жетті»,- деп хабарлады. Иран Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ: «Осы уақытқа дейін 2675594 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын және 470468 адам екінші дозасын алды.   Жалпы 3146062 доза вакцина егілді.