Maм 27, 2021 15:19 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында 2021 жылғы президенттік сайлаудың он үшінші кезеңіне қатысатын үміткерлердің заңды үгіт-насихат бағдарламаларын таратуға қатысты жеребе тарту рәсімі өтті.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, президенттік сайлауға қатысатын 7 үміткер сәрсенбі күні кешке жеребе тарту рәсімінде өз бағдарламалары мен үгіт-насихаттарының әділетті түрде теле және радио арналарда таратылу кестесімен танысты.

Президенттікке үміткерлер, Иран ІІМ-нің сайлау штабының басшысы мен мүшелері, Иран Телерадио бірлестігінің басшысы жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абулали Али Аскари осы рәсімде: «Иран Телерадио бірлестігі сайлауда бейтарап. Оның мүмкіндіктерін үміткерлер теңдей пайдаланады»,-деді.

Тегтер