Рухани: Иранда коронавирус ауруы індетті жұқтырғандар және көз жұмғандар саны тұрғысынан төмендеуде
ИИР Президенті: «Қуанышымызға орай, қабылданған шаралар мен жасалған жұмыстардың арқасында індетті жұқтырғандар және көз жұмғандар саны тұрғысынан коронавирус ауруының үрдісі төмендеді. Біздің барлық талпынысымыз қазіргі үкіметтің соңына дейін коронавирус саласы бойынша елде тыныштық орнатуға бағытталды»,- деді.
Хасан Рухани бүгін, сенбі күні коровируспен күресу штабының отырысында өткен 16 айдағы бүкіл жұмыстардың адамдарды осы аурумен күресуге жеткілікті жабдықтар қамтамасыз ету және аурудың жаңа толқынына тап болмау үшін денсаулыққа қатысты сантиарлық-гигиеналық ережелерді сақтау болғынына тоқталып: «Өкінішке орай, вирустың көптеген мутациясы және британдық штаммның елге келуі аурудың төртінші толқынымен бетпе-бет келуімізге себеп болды және бұл бізге көптеген қиындықтар тудырды»,- деп мәлімдеді.