Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 31, 2021 17:17 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан 217 адамның көз жұмғанын және елде жалпы құрбандар саны 80156 адамға жеткенін хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 11042 адам анықталды. Олардың 1388-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандардың саны 2913136 адамға жетті",-деп хабарлады.
Бұл мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін 2458684 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.
Тегтер