Тәжікстан Ішкі істер министрі Теһранға келді
Тәжікстан Ішкі істер министрі Иран мен Тәжікстан арасындағы екіжақты, сондай-ақ терроризм және экстремизммен күресу мәселелерді талқылау үшін Теһранға келді.
Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазан Рахимзадені сейсенбі күні таңертең Иран Ішкі істер министрінің экономикалық және аймақтық даму жөніндегі орынбасары Бабак Динпараст күтіп алды. Үш күндік жұмыс сапары барысында Рахимзаде ИИР Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазлимен қауіпсіздік, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ қауіпсіздік және саяси мәселелер бойынша ынтымақтастық хаттамасына қол қою туралы пікір алмасады. Иран Полиция күштерінің қолбасшысы Хұсейн Аштаримен кездесу - Тәжікстан Ішкі істер министрінің Теһранға сапарының тағы бір маңызды бағыты және ол Иран полиция күшінің арнайы бөлімшесінің таңертеңгі рәсіміне қатысады деп жоспарланды. Шираздың тарихи, мәдени және туристік орталықтарын аралау - Тәжікстан Ішкі істер министрінің Иранға үш күндік сапары кезіндегі тағы бір маңызды бағдарламасы.