Маусым 02, 2021 17:06 Asia/Almaty
  • ИИР армиясының теңіз күштері: «Харк» кемесін құтқару талпыныс нәтижесіз аяқталды

Иран армиясының теңіз күштері сәрсенбі күні: «Жиырма сағаттық жан-жақты талпыныс және теңіздегі көмек құралдарын пайдалануға қарамастан, өрттің әртүрлі бөліктерге таралуына байланысты, «Харк» жаттығу кемесін құтқару жұмыстары нәтижесіз болып, кеме Джаск аймағының суларында батып кетті.

 

 

Iran Press хабар агенттігінің хабарлауынша, «Харк» кемесі қырық жылдан астам  қызмет ету  уақытында білім беру салаларында жедел тапсырмаларда қолданылды. Осыдан бірнеше күн бұрын  жаттығу тапсырмасымен аттанған әскери-теңіз оқу-жаттығу кемесі сейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы Джаск портының жанында өртенді. Кеменің зақымдануын бақылау тобының қатысуымен, өртті сөндіру кезінде барлық адамдар кемеден аман-есен   жағаға ауыстырылды. Бұл оқиғада адам өлімі болмады.

Тегтер