Маусым 02, 2021 17:51 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің қайтыс болған күніне орай 273 бағдарлама өткізіледі

Мәдениет және исламдық бағдар ұйымының басшысы Иранның мәдени өкілеттіктерінің имам Хомейнидің қайтыс болған күніне орай 273 бағдарламасын өткізетіндерін хабарлады.

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша,  Абузар Ибрахими-Түркаман сәрсенбі күні имам Хомейниді еске сақтау маңыздылығына тоқталып: «Мәдениет және исламдық бағдар ұйымы ғаламтор мүмкіндіктері мен жаңа медиа құралдарды пайдалана отырып, имам Хомейнидің қадір-қасиеттері, оның практикалық және теориялық өмірін және Ислам революциясының дискурсын түсіндіреді. Шетелдердегі Иранның мәдени орталықтары осы кезеңде имам Хомейнидің үстемшілдікке қарсы және Ислам революциясы туралы жолдауларын қозғалыс графикасы, плакаттар және инфографика сияқты құралдарды пайдалану арқылы 14 тілде таратумен айналысады»,- деді.    

 

Тегтер