Зариф: Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет ұрлаған 110 миллион доллардан алыңдар
Иран Сыртқы істер министрі: «БҰҰ Иранның үлесін АҚШ-тың соңғы рет тонаушылықпен тартып алған 110 миллион доллардан ала аласыңдар»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-де: ««Төңкерілген фактілер» әлемінде БҰҰ төлемді кешіктіргені үшін Иранды Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырды. БҰҰ-ның төлемдері түгіл АҚШ-тың экономикалық терроризмінің Иранның азық-түлік сатып алуға қажет ақшаны төлеуге мүмкіндік бермей отырғаны ескерілмеген»,- деп жазды. Хабарламамен бірге Зариф өзінің БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке ағылшын тілінде жазылған хатының суретін де жариялады.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың 110 миллион долларды ұрлау туралы айтып, Вашингтонның танкерді тәркілегеннен кейін шамамен 2 миллион баррель ирандық шикі мұнайды сатуын еске салуда.