Коронавирус: Ирандағы жағдай
Маусым 08, 2021 18:25 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19-дан 179 адамның көз жұмғанын және елде жалпы құрбандар саны 81362 адамға жеткенін мәлімдеді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық қатынас бөлімі сәрсенбі күні: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 8846 адам анықталды. Жалпы індетке шалдыққандардың саны 2980116 адамға жетті. Сондай-ақ осы уақытқа дейін 2578263 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.",- деп хабарлады.
Тегтер