Коронавирус: Иранда бір тәулікте 153 адам көз жұмды
Маусым 10, 2021 19:01 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19-дан 153 адамның көз жұмғанын және жалпы құрбандар санының 81672 адамға жеткенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 12398 адам анықталды. Науқастардың жалпы саны 3003112 адамға жетті. Осы күнге дейін 2612091 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деді.
Тегтер