Рухани: Бүгін бізде коронавирусқа қарсы тұру саласында тапшылық байқалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i53228
ИИР Президенті елде коронавирус пандемиясының басталуынан 16 ай өткені және онымен күресуге бағытталған жұмыстарға тоқталып: «Бүгін біз коронавируспен күресуге қажет жабдықтар саласында өз аяғымызда тұрмыз және бізде тапшылық байқалмайды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 12, 2021 15:58 Asia/Almaty

ИИР Президенті елде коронавирус пандемиясының басталуынан 16 ай өткені және онымен күресуге бағытталған жұмыстарға тоқталып: «Бүгін біз коронавируспен күресуге қажет жабдықтар саласында өз аяғымызда тұрмыз және бізде тапшылық байқалмайды»,- деді.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани сенбі күні коронвируспен күресу ұлттық штабының отырысында коронавирустың таралуы басталғаннан кейінгі елде жасалған жұмыстарға және бұл кезеңдегі жетістіктерге тоқталып: «Осы жолда жасалған қадамдар мен қол жеткізген табыстар өте зор және құрметті, оларды бағалау керек»,- деді. Рухани Иранды коронавирус мәселесі бойынша нақты статистиканы жариялайтын тұрақты елдердің бірі деп атап: «Халықаралық стандартқа сәйкес біз індетті жұқтырған, ауруханаға жатқызылған, жағдайы ауыр және т.б. күнделікті  статистиканы жарияладық. Айқын ақпараттық жұмыс Иранның мақтанышының бірі болды»,- деп мәлімдеді.