Маусым 15, 2021 14:06 Asia/Almaty
  •  Коронавирусқа қарсы ирандық вакциналар таратыла бастады

Иранның Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы ирандық вакциналардың таратыла бастағанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау  министрі Намаки  бүгін, сейсенбіден бастап отандық өндірістегі алғашқы вакцинаның таратылатындығын жариялап: «Жаздың соңына дейін біз әлемдегі ең ірі вакцина өндірушілердің біріне айналамыз»,- деді. Иранның Денсаулық сақтау министрі кейбір міндеттемелердің орындалмауына байланысты вакцина импортының проблемаларға тап болғанына сілтеме жасап: «Вакцинаның импортына байланысты мәселелер шешіліп, үдеріс елде қайта жанданды және осы аптадан бастап вакцинация жалғасады. Бірінші отандық вакциналар бүгін таратылады, ал екінші топқа лицензия келесі аптада беріледі»,- деп мәлімдеді. 

Ирандық мамандардың коронавируспен күресуге арналған вакциналардың бірнеше түрін шығаруы және өндіруі әлемдік ғылыми қоғамдастықтың таңданысын тудырды.

 

Тегтер