Иран Сыртқы істер министрі: Өз тағдырын анықтау – халықтың ең маңызды құқығы
Маусым 18, 2021 16:34 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі өз тағдырын анықтау құқығы - Иран халқының революция нәтижесінде ие болған маңызды құқықтарының бірі екенін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Анталиядағы Дипломатиялық форумға қатысу үшін Түркияға сапар шеккен Мұхаммад Джавад Зариф бүгін таңертең дауы берген соң: «Республика – революцияның ең маңызды жетістіктерінің бірі болды және дауыс беруш жәшік өз тағдырын, перзенттердің келешегін және елдің жолын анықтайтын ең жақсы жер. Халық кімді сайласа, оны баршасы құрметтейді, оған Алла жар болсын»,- деді.
Тегтер