Иранның сайланған президенті мәлімдеме жасады
Иран халқының сайланған президенті қажырлы, революциялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үкімет құратынын мәлімдеді.
Сейед Ибрахим Раиси сенбі күні Иранның 13-ші президенттік сайлауында жеңіке жеткеннен кейін: «Иранның ұлы халқы, жұма күнгі сайлау жаңа ғасырдың басындағы және революцияның екінші қадамы кезіндегі Аллаға, халыққа және ұлттық болмысқа деген сенімнің көрінісі болып, имам Резаның (ғ.с.) туған күнінің қарсанындағы саяси мерекеге айналды»,- деді. Раиси сайлаудың діни халық демократияның ережелеріне сай өтуіне тоқталып: «Мен сіздердің дауыстарыңыз бен сенімдеріңізге сүйеніп, еңбекқор, революциялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үкімет құрып, әділетті орнатуға бета аламыз»,- деп сөзін жалғады.