Рабиғи: Иран халқының сайлауға қатысуы үгітшілер үшін «жоқ» деген жауап болды
Иран үкіметінің баспасөз өкілі: «Халықтың сайлауға қатысуы санкциялар енгізушілер мен сайлауға бойкот жариялауды үгіттеушілер үшін «жоқ» деген жауап болды»,- деді.
IRNА-ның мәліметінше, Әли Рабиғи сейсенбі күні журналистермен бейнеконференция түрінде өткен баспасөз отрысында: «Ислам республикасының тұрақты қарсыластары Иранның сайлауы мен болашағына қарсы және халықты үмітсіздендіру теріс үгіт-насихат жүргізді, бірақ президенттік сайлауда Иран халқы барлық қарсыластарына «жоқ» деп жауап берді»,- деді.
Иран үкіметінің баспасөз өкілі АҚШ Мемлекеттік департаменттің ирандықтардың әділ әрі еркін жағдайда дауыс бере алмайтындығы туралы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Саяси тұрғыдан алғанда бұл мәлімдемелер Иранның ішкі істеріне араласу және халықаралық заңдарға қайшы келеді»,- деп қуаттады.