Коронавирус: Ирандағы жағдай
Маусым 24, 2021 19:32 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде COVID-19-дан 144 адамның көз жұмғанын және жалпы құрбандар санының 83473 адамға жеткенін хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде Covid-19 жұқтырған тағы 11734 адам анықталды. Жалпы індетті жұқтырғандардың жалпы саны елде 3140129 адамға жетті. Осы күнге дейін 2797105 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,- деп мәлімдеді.
Тегтер