Маусым 30, 2021 14:56 Asia/Almaty

ИИР Телерадио бірлестігі Әлемдік қызмет торабының басшысы АҚШ-тың қарсыласу қозғалысының веб-сайттарын бұғаттауының БАҚ-тың АҚШ әрекеттеріне қарсы тұру ерік-жігерін арттырғанын қуаттады.

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша,  Пейман Джебли  сейсенбі күні Исламдық радио және теледидар одағының Бас ассамблеясының 10-шы сессиясында: «Қарсыласу майданы бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті - жетістіктерді көрсету және дұшпандардың үгіт-насихаты  мен осы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына тйым салғысы келетін күштерге қарсы тұру»,- деді. Джебели сөзінің жалғасында: «Коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау - ғылыми күштің белгісі және Ирандағы технологиялық дамудың айқын мысалы»,- деп мәлімдеді. Джебели  Сайф әл-Құдс операциясы сионистік режимді жаңа жағдаймен тірегеніне тоқталып: «Бұдан былай режим Палестинаға қарсы әрекет жасағысы келсе, жағдаймен көбірек санасуы керек болады»,- деді.

 

 

Тегтер