Рухани: АҚШ-тың Иранға қарсы залым санкциялар енгізуі экономикалық терроризм болып табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i53638
ИИР Президенті АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы залым санкциялар енгізуін экономикалық терроризм деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 30, 2021 16:02 Asia/Almaty

ИИР Президенті АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы залым санкциялар енгізуін экономикалық терроризм деп атады.

 

Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Иран халқының өткен үш жылда АҚШ-тың экономикалық терроризмымен бетпе-бет келгеніне тоқталып: «АҚШ-тың бұрынғы президентінің Иранға қарсы әрекеті науқас және қарт адамдарға қарсы экономикалық терроризм болды»,- деді. Рухани АҚШ-тың қазіргі үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуы туралы қуаттауларына сілтеме жасап: «Иран халқы бұл істің жылдамырақ орындалуын күтуде»,- деді.

Иран Президенті әлемдіктерге Иранның ешқашан жаппай қырып-жою, химиялық, микробтық және ядролық қару шығаруды көздемегені айқын екенін қуаттап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық қару шығаруды мақсат етпейтінін, керісінше бейбіт мақсатты ядролық жұмыстармен айналысуын көрсететін құжат»,- деп мәлімдеді.