Иран армиясының теңіз күштері ұшқышсыз ұшақтарымен кемелерді анықтау әрекеттерін сәтті жүзеге асыруда
ИИР армиясының «Ясир» және «Абабил» дрондары, сондай-ақ қорғаныс бөлімдері кемелерді барлау жұмыстарын сәтті жүргізіп, алынған ақпараттарды онлайн режимінде басқару орталығына жіберді.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, бүгін сәрсенбі таңертең Каспий теңізіндегі «Тұрақты қауіпсіздік-1400» жаттығуларындағы алдын-ала белгіленген жобалары бойынша «Ясир» және «Абабил» орта қашықтықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттары жаттығу аймағын анықтап және бақылап, алынған ақпараттарды Басқару орталығына он-лайн режимінде жіберді. Теңіз жаяу әскерлерінің жаттығуы 212-ші тікұшақ пен зымыран тасығыштардың қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар мен қару-жарақты қолданып, дайындалған ұрыс әдістерін және барлаудың нақты бақылауы мен радиолокациялық ұстағыш жүйелерді пайдаланып, іске асырылды.