Иран армиясының теңіз күштері ұшқышсыз ұшақтарымен кемелерді анықтау әрекеттерін сәтті жүзеге асыруда
https://itolqyn.com/news/iran-i53640
ИИР армиясының «Ясир» және «Абабил» дрондары, сондай-ақ қорғаныс бөлімдері кемелерді барлау жұмыстарын сәтті жүргізіп, алынған ақпараттарды онлайн режимінде басқару орталығына жіберді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 30, 2021 17:43 Asia/Almaty
  • Иран армиясының теңіз күштері  ұшқышсыз ұшақтарымен кемелерді анықтау әрекеттерін сәтті жүзеге асыруда

ИИР армиясының «Ясир» және «Абабил» дрондары, сондай-ақ қорғаныс бөлімдері кемелерді барлау жұмыстарын сәтті жүргізіп, алынған ақпараттарды онлайн режимінде басқару орталығына жіберді.

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша,  бүгін сәрсенбі таңертең Каспий теңізіндегі «Тұрақты қауіпсіздік-1400» жаттығуларындағы  алдын-ала белгіленген жобалары бойынша «Ясир» және «Абабил» орта қашықтықтағы ұшқышсыз ұшу аппараттары жаттығу аймағын анықтап және бақылап,   алынған ақпараттарды Басқару орталығына он-лайн режимінде жіберді.   Теңіз жаяу әскерлерінің жаттығуы 212-ші тікұшақ пен зымыран тасығыштардың қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар мен қару-жарақты қолданып, дайындалған ұрыс әдістерін және барлаудың нақты бақылауы мен радиолокациялық ұстағыш жүйелерді пайдаланып, іске асырылды.